Қуаныш сыйлаған «Көктем симфониясы»
Қуаныш сыйлаған «Көктем симфониясы»
181
оқылды

11 наурыз Ұлттық музейде Наурыз мейрамына арналған «Көк­тем симфониясы» атты ұлттық кәдесыйлар, кескіндеме және қолөнер бұйымдары көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Көрменің мақсаты – жас ұрпаққа қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстыру, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнеріне деген қызығушылығын ояту. Ерекше балалардың бейнелеу және қолөнер бұйымдарын көпшілікке кеңінен насихаттау арқылы оларға қоғамдық қолдау көрсету. Іс-шарада кәдесыйлар, кес­кіндеме және қолөнер бұйымдары көрсетіліп, өлең оқылып, ән шыр­қалып, Наурыз мейрамының мәні мен дәстүрін бейнелейтін көріністер қойылды. Көрмеде Нұр-Сұлтан қаласы әкім­дігінің №1  арнайы мектеп-ин­тернаты мен «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының арна­йы білім беруді қажет ететін бала­лары­ның, «Үнсіз әлем – Безмолвный мир» есту қабілеті төмен жандарды қолдау қоғамдық қоры жасаған бұйымдар бар. Ұлттық кәдесыйларды шығару шеберханасы жұмысшы­ларының қолынан шыққан ұлттық кәдесыйлар, моншақтан тігілген картиналар, кескіндемелік туын­дылар көз жауын алады.

Айбике ЖАНАСЫЛ