Bek Air ұшағы құлаған Талғарда 37 ғимараттың заңсыз салынғаны анықталды
Bek Air ұшағы құлаған Талғарда 37 ғимараттың заңсыз салынғаны анықталды

Кейінгі екі жылда Алматы облысында 37 ғимараттың заңсыз салынғаны анықталды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Көбісі үй, техника жөндеу орталықтары, тамақтану орындары, дүкендер екені белгілі болды. Мекеме иелерін мемлекеттік Сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары сотқа берген. Құзырлы орган өкілдерінің шешіміне сәйкес, рұқсатсыз тұрғызылған нысандар бұзылды. Алдағы уақытта тағы да бірнешеуі бұзылады. Мәселен, Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы өндіріс орны да бар. Бетон зауыты әуежайдың санитарлық қорғау аймағында тұрғызылған екен.

Облыстық мемлекеттік Сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Данияр Әбдібеков: «Жиһан бетон» ғимаратын заңсыз салған. Сот шешімі шықты. Қазіргі уақытта сот орындаушылар нысанды бұзуға дайындық жасап жатыр. Биыл заңсыз салынған 4 ғимарат анықталды. Екі ғимарат Талдықорған қаласында, екі ғимарат Талғар ауданында орналасқан. Олар да сот шешімі шыққаннан кейін бұзылады", - деді.

Алматы облысы Талғар ауданында 2019 жылы жолаушылар ұшағы құлап, 12 адам қайтыс болды. Жарақат алғандар мүгедек болып қалды.