Англиядағы Стати ісі: Әділет министрлігі мен Ұлттық банк сотта жеңіске жетті
Англиядағы Стати ісі: Әділет министрлігі мен Ұлттық банк сотта жеңіске жетті
156
оқылды

Биыл 11 наурызда Англияның Жоғары соты Стати тарапының Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Ұлттық банкіне 3,7 миллион АҚШ долларынан астам сот шығынын төлеуге міндеттейтін сот бұйрығының күшін жоюға қатысты өтінішін қабылдамау туралы шешім шығарды. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.

Англия мен Уэльстің Жоғары сотының Шығындар басқармасының шығындар жөніндегі судьясы Роулимен Статидің өтініші биыл 15 ақпанда сот отырысында тыңдалды.

«Шығындар туралы қаулы Стати барлық сатыда сәтсіздікке ұшыраған және Статидің Қазақстанға қарсы алынған төрелік шешімді орындауға қатысты жалғасып жатқан әрекеттерімен байланысты Англияның Жоғары сотындағы талқылауларды аяқтайды. Стати тараптары Жоғары соттың юрисдикциясына қарсы шығуға тырысты, бірақ бұл талпынысында сәтсіз болды. Бұл 2018 жылдың 4 желтоқсанында қабылданған қаулыға әкелді. Стати Жоғары сот талқылауында да сәтсіздікке ұшырады.  Талапкерлердің (Қазақстан мен Ұлттық банк) шығыстарын төлеуге міндетті» делінген ресми хабарламада.

Стати ісі бойынша қабылданған шешімнің толық мәтінін, сот процесіне қатысты деректерді Әділет министрлігінің сайтынан оқи аласыз.

Бұған дейін Стати ісіне қатысты сот процесі туралы «Айқында» бірнеше рет жазған болатынбыз.

Тіпті, Храпунов, Әблязов, Стати ісі – Қазақстан жыл сайын шетелдік адвокаттарға 13 миллиард теңге жұмсайтынын да хабарлағанбыз.