Министр «Полицияның сервистік моделін заңнамалық қамтамасыз ету және ҚР ІІМ-ін бейінді емес функциялардан босату» тақырыбында түйткілді мәселелер мен Ішкі істер министрлігі қолға алған бастамалар жөнінде айтты.
«Ішкі істер органдарын реформалау үшін арнайы Жол картасы қабылданды. Штат саны 11 пайызға қысқарды. Қажет емес 1483 басқарушы лауазым жойылды. Полиция сервистік модельге көшті. Global Peace Index рейтингінде қауіпсіздік жағынан 163 мемлекет арасында Қазақстан 70-орында тұр. ТМД-да 1-орын алды», – министр.«Халықтың үніне құлақ асу үшін қалалар мен аудандарда 252 «Азаматтарды қабылдау» бекеті құрылды. Құқықтық кеңес беріледі. «Жолдағы қабылдау», «Ауладағы қабылдау» тұрақты түрде ұйымдастырылады. Былтыр 361 мың кеңес берілді, 205 мың өтініш қаралды. Әлеуметтік желілерде барлық полиция басшылары жеке аккаунт ашты. Учаскелік инспекторлар тұрғындардың чатына қосылды», – деді Ерлан Тұрғымбаев.Сауалнама нәтижесінде, азаматтардың 37 пайызы полицияға толық сенім артатыны, 38 пайызы жартылай сенетіндігі анықталды.
Бұған дейін ақтүтек боранда көлік жүргізушілеріне жол көрсетіп, екі шақырым жаяу жүгірген полицейдің ерлігі туралы жазған болатынбыз.