Қазақстанның Корея Республикасындағы елшісі Бақыт Дүйсенбаев Ханкук шет тілдері университетінің вице-президенті Шин Жоң Хуанмен және университеттің түлегі Цой Ён Сонмен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Іс-шара аясында Чой Ён Сонның Тúrkistan газетіне берген сұхбаты жарияланғаннан кейін жолданған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың хаты табыс етілді. Мемлекет басшысы мақаланы оқып, оны жоғары бағалаған болатын. Өзінің хатында ол Чой Ён Сонға ризашылығын білдіріп, қазақ тілін зерттеп, корей-қазақ сөздігін құрастыруын қолдайтынын жеткізді.Цой Ён Сон Тúrkistan газетіне берген сұхбатында қазақ тілін үйренгені, корей-қазақ сөздігін құрастырып жатқаны, еліміздегі оқу мен өмір сүрудің тәжірибесі туралы өз әсерімен бөлісті. Сонымен қатар өзінің Қазақстанға қатысты болашақ жоспары туралы айтты.