Павлодарда полиция қызметкері дүкенге шабуыл жасады
Павлодарда полиция қызметкері дүкенге шабуыл жасады
Павлодарда қаруланған полицей дүкенді тонап, супермаркеттің кассасындағы ақшаны ұрламақ болған. 22 жастағы күдікті Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкері болып шыққан. Ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. 5 наурызда Instagram-да медициналық маска тағып алған ер адамның қолына қару алып, әйел адамнан кассадағы ақшаны беруді талап етіп жатқан видеосы тарады. Сатушы күдіктінің қоқан-лоққысынан қорықпай, құтылып шыққан. Артынша полицейлер күдікті ұсталғанын, сол күні ол тағы бір дүкенді тонағанын хабарлады. Бұл жолы күдікті кассадан 120 мың теңге алып кеткен. Артынша ол ұсталған. Күдікті полиция қызметкері болып шыққан.
"Жасаған қылмысы үшін Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің кіші сержанты ұсталды. Ол ішкі істер органдарында бар болғаны бір жыл жұмыс істеді. Тергеу амалдары жалғасуда", - делінген хабарламада.
Ұсталған адамның дүкен сатушысына қандай тапаншамен қоқан-лоққы көрсеткені әлі белгісіз. Іс бойынша сараптама әлі аяқталған жоқ.