Отбасында балаларға зорлық-зомбылық көрсету азаймай тұр
Отбасында балаларға зорлық-зомбылық көрсету азаймай тұр
Оның ішінде 11 оқиға тұрғын үй-жайларда орын алды. 15-17 жас аралығындағы жасөспірім ер балалардың ішінде дәл осындай 55 оқиға тіркелген. Оның 18-і тұрғын үйде болған. Былтыр 5-14 жас аралығындағы 23 қыз бала өз-өзіне қол жұмсады. Ал 15-17 жас аралығындағы 30 бойжеткен суицидке барған.  Отбасы Ата-ана тарапынан бақылау жоқ 2019 жылдың көрсеткіші бойынша ата-ана қамқорлығынсыз қалған 16 жасқа толмаған қыз балаларды жыныстық қатынасқа тарту және сексуалдық сипаттағы әрекеттерге итермелеген 337 оқиға тіркеліпті. Айта кетерлігі, 2015 жылы дәл осындай 738 оқиға тіркелген. Статистика комитетінің дерегінше, 2020 жылы Қазақстанда "Кәмелеттік жасқа толмаған баланы зорлау" бабы бойынша 199 қылмыс тіркелген. Отбасы Айта кетерлігі, Қазақстан Қылмыстық кодексінде 120-баптан ("Зорлау") бөлек, "Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" (121-бап), "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалды сипаттағы өзге де әрекет жасау" (122-бап), "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" (124-бап) баптары бар.   Отбасы Мамандар қылмыс санының артуына ата-аналар тарапынан бақылаудың жоқтығы, балаларды (үйде, басқа жерде, көшеде, көрші мен достардың үйінде) жалғыз қалдыру, таныстар, туыстар мен көршілердің алабөтен ойы жоғына сенімді болу сияқты себептермен байланыстырады.
«16 жасқа толмаған қыздарды зорлау оқиғаларының 70%-дан астамында зорлық-зомбылықты әкелері, өгей әкелері, қыздың анасымен бірге тұратындар, көршілері, жақын туыстары, таныстары жасайды. Кейде мұндай қылмыстар бірнеше жылға созылады, ал жәбірленушілер мен туыстары үндемей, осы мәселелерді отбасы шеңберінде шешуді жөн көреді», - дейді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Ал адвокат Арайлым Аманқұлованың айтуынша, елімізде кәмелетке толмаған зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық және заңгерлік көмек көрсету орталықтарын құру керек. Онда осындай жағдайға тап болған балаларға білікті психологиялық және заңгерлік көмек алуға мүмкіндік туады. Отбасы
«Арнайы орталық құрылған жағдайда осындай жағдайларға тап болған балалар мемлекет есебінен психологиялық және заңгерлік көмек алу мүмкіндігіне ие болмақ. Көбінесе балалары жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған отбасылар психологтың қызметіне ақы төлей алмайды», – дейді адвокат.
Мамандар қоғамда балаларға көбінесе бөтен адамдар жыныстық зорлық-зомбылық көрсетеді деген пікір қалыптасқанын айтады. Бірақ, шын мәнінде, статистика бойынша, балалардың көпшілігі өздері танитын адамның тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Отбасы Баланы ұрып тәрбиелеу қалыпты үдеріске айналып барады ЮНИСЕФ келтірген мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық көрсету қоғамда қалыпты үдеріске айналған. 2017 жылы жүргізілген зерттеу нәтижесінде отбасылардың 67%-ы үйде балаларды тәртіпке салу үшін қол көтеретінін мойындаған. Атап айтқанда, ересектердің 65%-ы психологиялық зорлық-зомбылық, ал 39%-ы балаларды тәртіпке салу мақсатында физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен. Сонымен қатар, ересек адамдардың 37%-ы баланы тәртіпке салу мақсатында психологиялық және физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен. Айта кетерлігі, балалық шағында «таяқ жеп» өскен ересектер кейін өз балаларын тәртіпке салу және қадағалау үшін психологиялық (72%) және физикалық (48%) зорлық-зомбылық көрсетеді және бұл әрекетін дұрыс деп есептейді екен. 
«Ата-анасы немесе қамқоршысынан көретін зорлық-зомбылықтан бөлек, бауырлар арасындағы зорлық-зомбылық та белең алған. Бауырынан зорлық көрген балалар эмоционалдық және мінез-құлыққа қатысты проблемалардың, қоғамға жат мінез-құлық пен әртүрлі жарақат алуы мүмкін. Бауырлар арасындағы зорлық-зомбылық олардың ересек өмірінде де жалғасуы мүмкін» делінген ЮНИСЕФ жасаған зерттеудің қорытындысында.
Үйден жиі қашып кететін балалар көбіне отбасында зорлық көретіні анықталып отыр. Зерттеу бойынша, үйде тұратын балалардың 37%-ы өз отбасынан алты рет немесе одан да көп рет қашқан екен. Балаларға үйден қашу себебі мынадай:
  • Балаларға ешкімнің қамқорлық көрсетпеуі;
  • Отбасында төбелес-жанжалдың туындауы;
  • Ата-анасы немесе басқа отбасы мүшелерінің ұрып-соғуы.
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, орта есеппен жыл сайын балаларға қатысты 2000-ға жуық қылмыс жасалады екен. Оның ішінде азаптау, ұрып-соғу, бопсалау, қасақана қауіп-қатерге душар қылу сынды оқиғалар жиі кездеседі.   Отбасы Балалардың құқығын кім қорғайды? Еліміздегі балаларды қорғау (60%), бала құқықтары (58%), мінез-құлқы бұзылған балалармен сұхбаттасу (56%) және балаларға қатысты зорлық-зомбылық (49%) саласындағы мамандардың жартысы ғана арнайы  дайындықтан өткені анықталды. Бұған қоса, балаларды қорғау және әділсот жүйесі мамандары мектептегі (44%) және гендерлік зорлық-зомбылық (34%) саласы бойынша әлдеқайда аз оқытылады екен. Ал балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қолданыстағы заңдар мен ережелерді білетіндердің үлесі 46% ғана. Айта кетерлігі, елімізде халықтың жалпы санының 35%-ын балалар мен жасөспірімдер құрайды.