Көктемгі егістік жұмыстарына 31,5 млрд теңгеден астам сомаға несие берілді
Көктемгі егістік жұмыстарына 31,5 млрд теңгеден астам сомаға несие берілді
Наурыз айының басында Аграрлық несиелік корпорация «Keң дала» бағдарламасы бойынша егіс және жинау науқанын қаржыландыруды бастады. Осы мақсатқа орай республикалық бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат жеңілдетілген несие түрінде қазақстандық фермерлерге беріледі. Бүгінгі күні 518 фермер жалпы сомасы 31,5 млрд теңгеден астам несие алды. Алынған несиенің пайыздық мөлшерлемесі 5%-дан аспайды. Сонымен қатар қазіргі уақытта 24,8 млрд теңге құрайтын 1 129 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінің несиелік өтінімдері мақұлданды. Фермерлерге бюджеттік несиелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Аграрлық несие корпорациясы тікелей қаржыландыру және ЕДБ, несиелік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары мен аймақтық инвестициялық орталықтарды қаржыландыруды қолданады. Бұл тәсіл бөлінген қаражатты еліміздің ең шалғай аймақтарындағы ауыл кәсіпкерлеріне жеткізуге мүмкіндік береді. Өткен жылы карантиндік шектеулерге қарамастан көктемгі егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру небәрі 35 жұмыс күнінде аяқталды. 2020 жылы «Keң дала»  несиелеу бағдарламасы бойынша бөлінген 70 миллиард теңгеге 2400 кәсіпкер несие алды, 3 миллион гектар егіс алқабында жұмыс жүргізілді.