Демалыс күндері Қазақстанда аяз болады
Демалыс күндері Қазақстанда аяз болады
"Қазгидромет" РМК 13-15 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Бүкіл кезең бойы Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер ететін болады, ол аязды ауа райына, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райына себепші болады. Тек елдің оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына және шығысына антициклонның басып кіруі ауа температурасының төмендетіп, жауын-шашын әкеледі. Демалыс күндері қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), сондай-ақ, бұрқасын, желдің күшеюі, көктайғақ болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі", - делінген хабарламада.