13 наурыздан бастап карантин күшейтіледі: Алматыда оқушылар қалай оқитыны белгілі болды
13 наурыздан бастап карантин күшейтіледі: Алматыда оқушылар қалай оқитыны белгілі болды
82
оқылды
Алматы қаласының Білім басқармасы карантин жағдайында оқушылардың білім алу тәртібі туралы бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысын түсіндірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, 13 наурыздан бастап Алматыда оқушылар онлайн режимге қайта көшеді», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда 43-тен астам мектеп дәстүрлі білім алуға көшкен болатын. Қалада жалпы 287 мың оқушысы бар 278 мектеп бар. Оның ішінде 270 мың оқушыға білім беретін 207 - мемлекеттік және 17 мың оқушысы бар - 17 жекеменшік білім ошағы. 10 наурызда Алматы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енді. Қалада 13 наурыздан бастап карантин шаралары күшейеді. Алматының Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп сыныптарында оқушы саны 25-ке жеткізілмеуі тиістігін айтты.