Танысынан 700 мың теңге бопсалаған жігіт 2 жылға сотталды
Танысынан 700 мың теңге бопсалаған жігіт 2 жылға сотталды
100
оқылды
Түркістан облысында танысынан ақша бопсалаған 33 жастағы ер адамға қатысты сот отырысы аяқталды,  - деп хабарлады Арыс соты. Тергеу кезінде белгілі болғандай, өткен жылғы  27 қыркүйекте таңертең жәбірленушіге бейтаныс адам хабарласқан. Арыс тұрғыны танысынан екі сағат ішінде 700 мың теңге төлеуді талап еткен.  Егер төлемесе, YouTube-қа жеңгесімен төсектес болған видеоны салып жіберемін  деп қорқытқан. Ашуланған жігіт оған ешқашан бұндай әрекетке бармағанын айтып, оның қателескенін түсіндіруге тырысқан. Алайда, ірі ақша бопсалаған жігіт оқиғаға қатысы бар адамдардың атын атап қоймаған. Жәбірленуші полицияға шағым түсірген. Ақша бопсалаушы өз анасының нөмірінен хабарласқаны белгілі болды. Біраздан соң қаскөй тағы хабарласқан. Полицейлер әңгімені жазып алған. Тергеу кезінде ірі ақша талап етуші 33 жаста екені, оның екі баласы бар екені анықталды. Оған қарсы ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігі "Бопсалау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушы өз кінәсін мойындамағанмен, сараптама бұл оның ісі екенін дәлелдеп берді. Ер адам кінәлі деп танылып, 2 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.