Жол-көлік апатынан 11 адам зардап шекті
Жол-көлік апатынан 11 адам зардап шекті
101
оқылды
Семей қаласында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам зардап шекті. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 12 наурыз күні сағат 8:45-те Глинка көшесінде болған.
«Қоғамдық көліктің 51 жастағы жүргізушісі Цемент зауыты тұсынан қалаға қарай келе жатқанда 44 жастағы ер адам тізгіндеген КамАЗ-бен соқтығысты. Жол апаты салдарынан автобустағы әртүрлі дене жарақаттарын алған 11 жолаушы дәрігерлердің көмегіне жүгінген»,– деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.