Ақтөбеде үйдің кіреберісінен ер адамның денесі табылды

Ақтөбеде үйдің кіреберісінен ер адамның денесі табылды

Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды,– деп хабарлайды Polisia.kz. 6 наурызда Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО-ның "102" телефонына жедел медициналық көмек операторынан көпқабатты үйдің кіреберісінен 4-қабаттағы баспалдақ алаңында пышақ жарақатын алған ер адамның табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Көрсетілген мекенжайға дереу тергеу-жедел тобы жіберіліп, онда зорлықпен өлім белгілері бар 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Патрульдік полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адамды ұстады. Алдын ала тергеу барысында ер адамдар ішімдік ішіп, жанжал кезінде күдікті пышақ сұққаны белгілі болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.