Спортшының салмақ қуу кезінде бүйрегі істемей қалған
Спортшының салмақ қуу кезінде бүйрегі істемей қалған
176
оқылды
Қазақстандық спортшы Қаршыға Дәуітбектің (9-3) ресейлік Никита Чистяковқа (11-6-1) қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады. Салмақ қуу кезінде Қаршығаның бүйрегі жұмыс істемей қалған. Дәрігерлер оған ары қарай салмақ түсіруге тыйым салды. Қаршыға Дәуітбек АСА 119 турнирінде бүгін, 12 наурыз Краснодарда жекпе-жек өткізуі керек болған. Қазақстандық файтер былтыр ақпанда Аlash Pride FC турнирінде жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. Осылайша, ол Russian Cagefighting Championship (RCC) және Rizin промоушендеріндегі екі кездесу қатар жеңілген сәтсіздіктер сериясын тоқтатты.