Полицейлер алаяқтың құрығына түскен құрбандарды іздеуде

Полицейлер алаяқтың құрығына түскен құрбандарды іздеуде

Аталған ер адамның бірнеше жыл бойы қала тұрғындарын алдағаны анықталды. 2018 жылы ер адам «ОЛХ» сайтында тендер саласында консультациялық кеңес беру туралы хабарландыру көрген. Хабарландыруды орналастырған адамға телефон арқылы хабарласып, онымен кездескен. Күдікті хабарласқан адамның ақшасын иемдену мақсатында алдын ала қылмыстық жоспар құрған. Осылайша, ол өзін қоғамдық қордың басшысы ретінде және астанада үш косметикалық салоным бар деп өзін таныстырған. Қала тұрғыны алаяқтың материалдық жағдайына сеніп, тендерге қатысу үшін 500 мың теңге беруге келіскен, ал алаяқ болса 500 мың теңгені алып бой тасалаған, сонымен қатар байланысқа шықпаған. Бұдан әрі, 2020 жылдың қазан айында күдікті Нұр-Сұлтан қаласында бола тұра қала тұрғынына тиесілі «Газель» маркалы автокөлікті сату барысында алдау жолымен 3,5 млн. теңгені иемденген. Аталған көліктің иесімен ол кездейсоқ танысқан. Таныстық барысында өзін жағымды жағынан көрсете білген. Кейін алаяқ автокөліктің техникалық жай-күйі нашар, көлікті сатып жіберген дұрыс деп көлік иесін көндірген. Оған сенген азаматша көлік құралын сатуға келісімін берген. Кейін ол автокөлікті сату туралы онлайн-хабарландыру берген. Нәтижесінде көлікті сатып, ақшалай қаражатты иемденіп, бой тасалаған. Күдікті қылмыстық қудалаудан бас тартамын деген оймен жәбірленушілерге қолхат жазып берген. Осылайша ол қылмыстық әрекеттерін азаматтық-құқықтық заңнамамен реттелетін және қылмыстық жазаны көздемейтін әрекетке ауыстырғысы келген. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласы ПД Тергеу басқармасы күдіктіге қатысты осыған ұқсас үш қылмыстық істі тергеп-тексеруде.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі