Қазақстандық үш боксшы Германиядағы турнирде жартылай финалға өтті
Қазақстандық үш боксшы Германиядағы турнирде жартылай финалға өтті
121
оқылды
Бокстан Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде алғашқы финалистер анықталды,– деп хабарлады Olympic.kz. 52 келідегі Сәкен Бибосыновтың жартылай финалдағы қарсыласы, венгриялық боксшы кездесуге шығудан бас тартты. Осыған орай, Бибосынов автоматты түрде турнирдің финалына жолдама алды. Сондай-ақ, ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай да бәсекенің бас жүлдесіне таласады. 81 келіде жұдырықтасатын Нұрбек Оралбай мен 91 келідегі Айбек Оралбай германиялық қарсыластарын жеңіп, финалға өтті. Бұл күндізгі сессияның қорытындысы. Кешкі сессияда Оразбек Асылқұлов (57 келі), Ертуған Зейнулинов (63 келі) және Қамшыбек Қоңқабай (+91 келі) шаршы алаңға шығады.