Екпенің әсері 6 айға созылады
Екпенің әсері 6 айға созылады
93
оқылды

Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вак­цина салу жайы күн тәртібінде тұр. Көпшілік екпеден кейін пайда болатын антидене ағзада қанша уақыт сақта­латынын білмейді. Бұл сұ­раққа мамандар орталық ком­муникациялар қызме­­тінде өткен брифингте жауап берді.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директоры­ның орынбасары Айнагүл Қуат­бае­ва ғалым­­дардың екпеден кейінгі ағ­зада қалыптасатын антидене өте төзімсіз және аз уақытқа жететіні туралы дәйек­темесін тілге тиек етті. Яғни, антидене 6 айдан кейін ағзадан жойылып кетеді. Содан кейін маман ресейлік «Спутник V» вакцинасын сал­­дыр­­ғаннан кейінгі белгілерден қор­­­қудың керегі жоғын атап өтті. Мә­­­­­селен, дене дел-сал күйге тү­сіп, қызуы көтерілуі мүмкін. Вак­цина салған жердің аздап қызаруы да ға­­­­­­­­жап емес. Оның үстіне, нев­­­роло­гиялық белгілер де бай­­қалса керек. Мысалы, бұған дейін 400-ден астам азаматта осындай жағ­­дай тіркелген. Олар арнайы ем-дом қабылдамаған. Бірінші күні-ақ ем-домсыз, тез айығып кеткен. Өйт­­­­кені адам ағ­­­засына сырттан ақ­уыз түскенде антидене қа­­­лып­­та­сады. Сол үшін дене қорғану қа­­білетін іске қосады. Сондықтан жоғарыда айтқан бел­гілер пайда болады. Жалпы, 12 наурыздағы мәлі­метке сүйенсек, елімізде вакци­­­­­наның бірінші компонентін 59 мыңнан астам, екінші компо­­­нентін 18 мыңнан астам адам салдырған.

А.ЖОЛДАС