Данияр үздік ондыққа енді

Британдық танымал Boxing News басылымының сайты 2016 жылы Рио-де-Жанейро қа­ла­сында өткен Олимпиада ойын­дарына қатысқан үздік он жүл­дегердің тізімін ұсынды. Онда қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов те бар.

Сол ойындарда Данияр 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Boxing News-тің үздік ондығында 16-орында тұр.

«2016 жылы Елеусінов мінбердің басына шығып, кәсіпқой боксқа өткен сәттен бері жақсы формада жүр. Қазақстан өкілі, солақай бокс­шы жартылай орташа салмақ дәре­жесінде сенімді қадамдар жасап келеді» делінген материалда.

Сондай-ақ тізімге Елеусіновтің Риодағы олимпиадалық жарыс бо­йынша екі қарсыласы – өзбек Шахрам Гиясов пен Франция өкілі Сүлейман Сиссоконың есімдері кір­ген.

Әбілмансұр ЖАСАН

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.