«Барыс» плей-оффта «Металлургтен» жеңілді
«Барыс» плей-оффта «Металлургтен» жеңілді
5,133
оқылды

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысында елордалық «Барыс» Ресейде «Металлург» (Магнитогор) командасымен алтыншы ойын өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі қос команда арасындағы кездесулер бойынша «Металлург» 3:2 есебімен алда тұрған. Соңғы ойында «Металлург» жеңіске жеткен жағдайда шығыс конференциясында жартылай финалға жолдама алатын еді. Ал елордалық клуб басым түссе, ойындар сериясы тағы бір кездесуге созылатын. Бірінші кезеңде екі команда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Ал екінші кезеңде командалар шабуыл шебінен көбірек бой көрсетті. Алдымен «Металлург» сапынан Семён Кошелев 25-минутта есеп ашты. Одан кейін «Барыс» хоккейшісі Линус Виддель таразы басын теңестірді. Ал 36-минутта Деннис Расмуссен қайтадан ресейлік клубты алға шығарды. Қазақстандық Никита Михайлис 39-минутта мер­гендік танытты. Есеп 2:2. Үшінші кезеңде ресейлік Сергей Мозякин – 45, Тейлор Бек 54-ми­нуттарда гол соғып, есепті ұл­ғайта түсті. «Барыс» хоккейшісі Ки­рилл Панюков 57-минутта есеп айыр­масын қысқартты. «Металлург» сапынан 58-минутта Сергей Пло­тников қорытынды есепті белгіледі. Осылайша, елордалық команда қар­сыласына 2:5 есебімен есе жіберді. Ресейлік клуб жеңістер сериясында 4:2 есебімен жеңіске жетті. Нәти­жесінде, жартылай финалға жолдама алды. Қазір 1/2 финалға алты команда шықты. Олардың қатарында ЦСКА, «Локомотив», СКА, «Динамо», «Ак Барс», «Салават Юлаев», «Авангард» клубтары бар.

Әбілмансұр ЖАСАН