Жапония роботпен таңғалдырмақ
Жапония роботпен таңғалдырмақ
490
оқылды
Жапония олимпиада ойындары кезінде роботқа, жаңа технологияға басымдық бермек. Toyota Motor Corporation Токиоға келген спортшыларды электрон­ды палитрадағы автокөлікпен тасымалдайды. Олимпиада кезіндегі қауіп­сіздікті қамтамасыз ету үшін Жапония шамамен 50 000 адам тартуды жоспарлап отыр. Оның ішіне полиция, тө­тенше жағдай, жағалау күзеті қызметкерлері, во­лон­­­­­терлер мен күзетшілер кіре­ді. Сонымен бірге Toyota Motor Corporation То­кио олим­пиадасы кезінде спорт­­­шыларды тасымалдау үшін арнайы электронды палит­ра­дағы автокөліктерді пай­да­лануды жоспарлап отыр. Көліктердің жүргізушісі жоқ, аккумулятормен ғана жұмыс істейді. Сонымен қоса бет­ті тану жүйесі арқылы оқи­­ғаларды бақылайтын жүйе­сі болады. Бұл соңғы тех­но­­логия аккредиттелген адам­ды қауіпсіздік қызмет­кер­­лерінің көзімен ғана са­лыс­­тыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Жапо­ния олим­пиада қатысушы­ла­рына картон төсек ұсынады. Олимпиада қалашығы ме­нед­жерінің айтуынша, кар­тон төсек 200 келі сал­мақ­­ты көтере алады. Тіпті ағаш төсектен де мықты екен. Әри­не, қауіпсіздік тұр­ғы­сы­нан алғанда, үстіне секір­ме­геніңіз жөн. Әйтпесе, со­ңы немен аяқталатынын іші­ңіз біліп тұрған болар. Жалпы алғанда, қалашыққа 18 мың төсек қойылады. Ал паралимпиада кезінде 8 мыңы пайданылады. Бәрімізге белгілі, Жапо­ния үкіметі робот құ­­рас­тыру саласына қо­мақ­ты ин­вестиция (100 млн$) сал­­­ған. Демек, олим­­пиа­да ке­зінде басты назар ро­бот­тарға түс­пек. Өйт­ке­ні қо­нақ­­үй ал­дында спорт­шы­ларды қар­сы алу, шы­ға­рып салу ро­ботқа жүк­тел­­мек. Жа­по­нияда ғана емес, әлем ел­­де­рінде роботқа қызмет бе­ріп, жұмыс күшін азайтып жатыр. Қазір Жапонияда демо­гра­фиялық дағдарыс­тың шеті көрінді. Халықтың жасы ұлғайып, жұмыс күші аза­йып жатыр. Сол үшін кең­се мен мектепте, қарттар үйін­де робот санын көбейту қолға алынған. Жапон мамандарының айтуынша, Батыс елдері ро­­ботқа алара қарайды. Се­бе­бі олар роботты бәсе­ке­лес деп бағалайды екен. Ал жапондар роботтың қосым­ша жұмыс күші екенін ұғып, кәде­сіне жаратады.   Айбике ЖАНАСЫЛ