Алматыда екі ауданда суық су тоқтатылады

Алматыда екі ауданда суық су тоқтатылады

Алматыда екі ауданға тәулік бойы су берілмейді. Бұл жайында«Алматы су» МКК баспасөз қызметі хабарлады.

«16 наурызда таңғы 9:00 ден 20:00 аралығында Әуезов ауданында орналасқан Өтеген батыр көшесіндегі «Сайран» шағын ауданындағы ғимараттар мен үйлер суық судан ажыратылады»,– деді «Алматы су» МКК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар 17 наурызда таңғы 9:00 ден 18:00 аралығында Алмалы ауданында орналасқан Мақатаев – Райымбек – Мұратбаев – Есентай және Мақатаев – Гоголь – Мұратбаев аумағындағы ғимараттарға су беру тоқтатылады. Бұл жаңа су құбырын іске қосумен байланысты болып отыр.