Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады. "Еңбек кодексін, ҚР "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңын және "ОҚМПУ" КЕАҚ Жарғысын басшылыққа ала отырып, ҚР БҒМ бұйрығымен 7 ақпанда Анар Қайырбекова қызметінен босатылды", – деп жазылған хабарламада. Министрліктің мәліметінше, жұмысты ұйымдастыру барысында А. Қайырбекова тарапынан кемшіліктерге жол беріліп, ҚР Білім және ғылым министрлігімен белгіленген міндеттер орындалмаған. Бос лауазымға орналасуға конкурс қорытындысы аяқталғанға дейін проректорлардың бірі Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.