Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды
Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды

«Самара – Шымкент» тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан екі адам қаза тапты. Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, «Pontiac-Viva» автокөлігі Қалыбай ауылы маңында жолдың тайғақ бөлігінде метеорологиялық жағдайды ескермегендіктен тайып, жол жиегінде тұрған «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Pontiac» автокөлігінің жүргізушісі мен 58 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановтың айтуынша, көбіне жүргізушілер жол ережелерін сақтамайды.

«Ережені елемейді, белгіленген жылдамдықтан асып кетеді. Арақашықтық сақтамайды. Мұның бәрі қайғылы оқиғаға әкеп соғады. Жол қателіктерді кешірмейді. Жыл басынан бері облыста 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 12 адам мерт болып, 135 адам түрлі дене жарақатын алды»,– деді А.Арыстанов.