Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны MTV рейтингісінде көш бастады
Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны MTV рейтингісінде көш бастады
5,125
оқылды

Әнші Димаш Құдайбергеннің «Across Endless Dimensions» атты әніне таспаланған бейнебаян MTV USA апталық рейтингісінде көш бастады. Бұл жаңалықпен өнер иесінің өзі Instagram парақшасында хабарлады.

«Across Endless Dimensions атты әніме түсірген бейнебаяным бүгін MTV USA рейтингісінде бірінші орынға ие болды. Дауыс бергендеріңіз үшін алғысым шексіз. Сіздер мені әрқашан қолдап жүресіздер. Рахмет», - деп жазды Димаш.

[embed]https://youtu.be/9efIWFhD8a4[/embed]