Өңірлерді дамыту жүйелі жүргізіледі. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды. https://twitter.com/BauyrzhanBaibek/status/1222036266897887233 – Бірнеше айдан бері Елбасы, Nur Otan партиясы лидерінің тапсырмасы бойынша Үкіметпен және өңірлік филиалдармен бірге аудандарды, қалалар мен облыстарды дамытудың 5 жылға арналған жаңа бағдарламаларын әзірлеу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бағдарламаларда жергілікті ерекшеліктерді есепке ала отырып, әрбір жекелеген өңір азаматтарының нақты қажеттіліктері көрініс табатын болады. Еліміздің барлық елдімекендері, оның ішінде ең шалғай аудандар мен ауылдар да қамтылады. Жұмыс барысында таяудағы айларда Nur Otan партиясының басшылығы еліміздің бүкіл өңірін аралап шығады. Бұл ретте барынша әрбір азаматты қамтуды жоспарлап отырмыз. Кездесіп, тыңдап, толғандырып жүрген мәселелерді «түртіп алу» көзделген, – деді Бауыржан Байбек.