Алматыда балалар арбасын өртейтіндер шыққан

Алматыда балалар арбасын өртейтіндер шыққан

Алматы қаласында бала арбасына өші бар жандар пайда болды. Қаскөйлер көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде тұрған бала арбасын өртеп кетіп жүр.

КТК телеарнасының хабарлауынша, соңғы айларда мегаполисте мұндай жайттың 20 дерегі тіркелген. Осындай жағдайдан кейін қазір тұрғындардың көбі үрейлене түскен.

«Психикасы ауру адам шығар. Не болмаса өз баласы өрттен қайтыс болған, әлде баласы болмай жүрген біреу болар деп те ойладық. Қазір шыққан әр дыбысқа елеңдеп, тіпті қауіппен қарайтын күйге жеттік»,– деді Алматы қаласының тұрғыны Майса Нухина.

Бостандық ауданында өртенген көпқабатты үйдің кіреберісі. Таңғы уақытта шыққан өрт бала арбасынан бөлек, үйдің қабырғасына жайылған. Құзырлы органдар мұндай қылмыс түріне барғандарды іздестіру үстінде. Олар көбіне камера қойылмаған үйлердің дәлізіндегі бала арбасына от қояды екен.

«Арбалар өртенгенде тек арба жанбайды. Үйдің ағаш қабырғасына ауысады. Тұрғындардың пәтерлерден, қабатты үйлерден шығуы қиындайды. Адамдарды құтқару, локациялау жүргізіледі. Әйтпесе, олар улы газбен улануы мүмкін. Сол себепті қазір профилактикалық алдын алу жұмыстары жүргізілуде”,– деді Бостандық ауданы ТЖБ инженері Дінмұхамед Тәжімағамбетов.