Көкшетауда үйден ер адамның денесі табылды

Көкшетауда үйден ер адамның денесі табылды

Өрт бүгін таңертең сағат 09:43-те Көкшетау қаласындағы жеке тұрғын үйде шыққан,– деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өртті сөндіру барысында 49 жастағы ер адамның денесі табылды. От 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт кезінде ер адам үйде жалғыз болған»,– деді ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталуда, сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Көкшетау қаласы Полиция басқармасының мәліметінше, ер адам уақытша жұмыс істемеген және маскүнем ретінде есепте тұрған.