Дүнген қауымдастығының деректері ҚР Ішкі істер министрлігі мәлім еткен ақпаратпен сәйкес болып шықты, барлығы 8 адам қаза болған. Қазақстан дүнгендері қауымдастығының Алматы бөлімшесі Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай төбелестен қаза тапқан азаматтардың аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Sputnik. Қаза болғандардың тізімі: Исыров Баху, 1988 жылы туған Чонтей Абдула, 1986 жылы туған Харсанов Рам Ясыров Малик, Сортөбе ауылындағы №17 орта мектептің қазақ тілі мен информатика пәнінің мұғалімі Шисыр Рахим Хишанло Сулейман Лохаш Лугмар (Бұлар батыр ауылы) Киров Исхар (Бұлар батыр ауылы). «Қаза болғандардың зиратын әзірлеу үшін көмек сұрап жатқандар бар», - делінген Қазақстан дүнгендер қауымдастығының Алматы бөлімшесінің хабарламасында.