Зардап шеккендерді құтқару үшін барлық күш жұмылдырылды - Алматы әкімдігі

Зардап шеккендерді құтқару үшін барлық күш жұмылдырылды - Алматы әкімдігі

Оқиға орнында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының жедел жәрдемнің 10 реанимациялық бригадасы күшті салуда. "4 адам қайтыс болды, зардап шеккен 2 адам 1987 ж.т. сол жақ санының ашық сынуы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, 1996 ж. т. ашық бас сүйек-ми жарақаты, қол саусақтарының сынуы, 2-3 дәрежелі дене күйігімен Алматы қ. 4 ҚКБ жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр", – делінген хабарламада. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін бар күштерін салуда. Барлық кадрлар, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды.