ШҚО-да қар құрсауында қалған 113 адам құтқарылды
ШҚО-да қар құрсауында қалған 113 адам құтқарылды
97
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған 113 адам құтқарылды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, алдын-ала жасалған дауылды ескертуге қарамастан өңір тұрғындары алыс жолға шығуда. «Алтай-Чапаево» тасжолының 0-37 шақырымдағы жол учаскесінде 45 автокөлік қарға батып қалған. Құтқарушылар шұғыл көмекке аттанып, 113 адамды, оның ішінде 9 баланы құтқарды. Көліктер арнайы техниканың көмегімен қардан шығарылды. Апаттық-құтқару жұмыстарына департаменттің 46 қызметкері мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылған.

«Осы ретте, өңір тұрғындарына дауылды ескерту жасалған кезде алыс сапарға шықпау қажеттігін ескертеміз. Жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отырған абзал. Егер жолда қиын жағдайға тап болсаңыз, дереу «112» нөміріне хабарласу қажет», - делінген мәліметте.