Түркістан облысының бес ауданындағы кей ауылдар жарықсыз қалды
Түркістан облысының бес ауданындағы кей ауылдар жарықсыз қалды
138
оқылды

Түркістан облысының бес ауданындағы кейбір ауылдар жарықсыз қалды. Қазір «Оңтүстік Жарық» мекемесі электр желілерін қайта қалпына келтіріп жатыр.

«Ауа райының күрт нашарлауы салдарынан  Түркістан облысының бес ауданындағы Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Кентау және Арыс қалаларында электр тасымалдау желілері үзілген. Түні бойы және қазіргі уақытта «Оңтүстік Жарық» мекемесінің жедел-құтқару жасағы электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмысын жүргізуде», –  делінген хабарламада.

Бұл аумақта 20-дан астам бригада, 100-ден астам адам, 30-дан астам техника жұмылдырылған «Орын алған жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында. Барлық мүдделі органдардың қатысуымен штаб құрылды. Жоғарыда аталған аудан, қалалардың әкімдері мен құтқару қызметінің барлық техникасы дайын», – делінген хабарламада.