Шымкентте құрылыс алаңында кран құлады
Шымкентте құрылыс алаңында кран құлады
121
оқылды

Кранның құлаған видеосы әлеуметтік желіде жарияланған. Құрылыс алаңында болған тосын жай бойынша Төтенше жағдайлар департаменті түсінік берді.

«2021 жылдың 12 наурызында таңғы сағат 10:00-де Шымкенттегі Бәйдібек би мен Көшеров көшелерінің қиылысында орналасқан «Ер-Наз 7» ЖШС құрылыс нысанында монтаждау кезінде мұнара кранын ұстап тұратын сымарқан бөлігі сынып кетіп, кран салбырап қалды», - деп хабарлады Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, мұнара краны «Отау-Строй» ЖШС-дан жалға алынған. ТЖД өкілі кран қабылдау сынағынан өтпеген және пайдалануға берілмегенін атап өтті. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. [caption id="attachment_119475" align="alignnone" width="740"]кран ©tengrinews.kz[/caption]