Павлодарда кран құлап, 30 үй жарықсыз қалды
Павлодарда кран құлап, 30 үй жарықсыз қалды
101
оқылды

Павлодардағы құрылыс алаңында автокран құлап, электр беру желісін зақымдады. Сөйтіп, 30-ға жуық үй жарықсыз қалды. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын тас-талқан етті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаның видеосы Instagram-да жарияланды. «Кран құлап, приораны қиратты», - дейді куәгер. Видеода кранның құрылыс вагонының төбесіне құлап, оны майыстырғаны көрінеді. Салдарынан құрылыс материалдары көлікке түскен.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, автокран 13 наурызда сағат 17.03-те Естай - Больничный тұйық көшесінің қиылысында құлаған.

«Құрылыс жұмыстары кезінде жеке ұйымның шынжыр табанды краны электр беру желісіне аударылып түсті, салдарынан 30-ға жуық тұрғын үй бірнеше сағатқа жарықсыз қалды», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.