Павлодарлық жігіт үйдің төбесінен секірмек болған

Павлодарлық жігіт үйдің төбесінен секірмек болған

Павлодар қаласының полициясына Құдайбердиев көшесінде жігіт үйдің төбесінен секірмек болғаны туралы хабарлама түскен.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға орнына дереу автопатрульдер мен жедел тергеу тобы барды.

- Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Азамат Мұстафин мен Әсет Тамешев жас жігіттің карниздің шетінде тұрғанын байқаған. Бірақ, азамат тәртіп сақшыларының сөзіне құлақ аспаған, - деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шарипов.

Бірақ, ұзақ келіссөздерден кейін полицейлер павлодарлықты құтқарып қалды. Инспекторлармен әңгімелесу барысында ол өзінің жеке өміріндегі проблемаларға байланысты осындай қадамға барғанын айтты. - Біз онымен 20 минут сөйлестік. Ол отбасылық жанжалға бола өмірімен қош айтыспақ болған. Кейін телефон сұрап, ағасына қоңырау шалды. Содан кейін ойын өзгертті. Енді мәселесін отбасымен бірге шешеді деп үміттенемін, - деді Әсет Тамешев. Полиция жігіттің ата-анасымен бірге үйіне кеткенін хабарлады.