Шымкент – Тараз тасжолы жабылып, көлік кептелісі пайда болды
Шымкент – Тараз тасжолы жабылып, көлік кептелісі пайда болды
146
оқылды

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкент – Тараз тасжолы жабылып, ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды.

Мұны видеограф Әділет Рахметолла жоғарыдан түсіріп әлеуметтік парақшасында жариялады. Жол бойында шамамен бір шақырымдай кезек пайда болған.

Өңірлік төтенше жағдай департаменті мамандарының мәліметіне қарағанда, Алматы – Термез – Ташкент тасжолының 534-593-шақырымында жол таңғы 08:00 шамасында жабылған. Оған желдің күшейіп, жолдың көрінбей қалуы себеп болды. Бірақ, қазір жел басылды. Сағат 15:00-ден бастап бұл бағыттар ашылды. Дегенмен, Жамбыл облысының аумағында Күйік – Қарабастау – Қаратау – Жаңатас учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілген.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс жолға шығарда ауа райы болжамына мән беріп, құтқарушылардың кеңесіне құлақ түруді ескертеді.