«Азия дауысы» фестивалінің режиссері қайтыс болды
«Азия дауысы» фестивалінің режиссері қайтыс болды
172
оқылды

Бүгін «Азия дауысы» фестивалінің режиссері Александр Пономарев қайтыс болды.

«Марқұм коронавируспен ауырған. Соның салдарынан жағдайы өте ауыр еді. Жансақтау бөлімінде үш аптадай жатты. Оның үстіне өзінің жүрегі ауыратын. Сондықтан оған бұл дерт ауыр тиді. Өкінішке қарай, бүгін одан айрылып қалдық» дейді «Хабар» агенттігінің музыкалық продюсері Татьяна Лаврик.

Естеріңізге сала кетсек,  «Азия дауысы» музыкалық фестивалі алғаш рет 1990 жылы Медеуде өтті.  Халықаралық деңгейдегі байқау болғандықтан оған жан-жақтан 15 елдің қатысушылары бірден жиналды. Кейінірек фестиваль 2005 жылға дейін жыл сайын өтіп тұрды. Сол жылдары "Азия дауысы" байқауы Канн фестивалінен әлемдік шоу-бизнестің арнайы сыйлығын иеленді.  Бұл байқауға Патрисия Каас, Пупо, Тото Кутуньо, «Бони М», Митхун Чакраборти, Алла Пугачева, Валерий Леонтьев сынды шетелдік жұлдыздардың талайы қатысты. Сөйтіп, бұл фестиваль Қазақстанның брендіне айналды.

Ал оның негізін қалаған Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономарев еді. Марқұм Мұрат Ерғалиев былтыр 63 жасында коронавирустан қайтыс болды.