Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен төрт оқушының бірі қайтыс болды

Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен төрт оқушының бірі қайтыс болды

Оқиға Қорам ауылында 2 наурыз күні болған. «УАЗ» автокөлігі мектептен қайтып бара жатқан төрт оқушыны таптап өткен. Жүргізуші ішімдік ішіп рөлге отырған. Екі оқушы бірден Шелек ауылының ауруханасына жеткізілген. Соңғы апталарда олар реанимацияда болған. Almaty.tv мәліметтеріне сүйенсек, 9 жастағы оқушының жүрегі тоқтап қалған. Тағы бір 8 жастағы қыз ес-түссіз, аппарат көмегімен ғана тыныстап жатыр.  

«Оқушының бірі көз жұмды. Басқа тағы екі науқастың денсаулығы жайында ақпарат бере алмаймыз. Себебі, балалардың ата-аналары олардың денсаулығы жайында қандай да бір ақпараттың таралуына қарсы», -  деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.
 

Президент осы оқиғаға байланысты арнайы тапсырма берген болатын.