Алматыда толасыз жауған қар 20 см-ге жетті

Алматыда толасыз жауған қар 20 см-ге жетті

Алматыда таңнан бастап толассыз жауған қар 5-6 см, таулы аймақтарда 20 см-ге жетті. "Алматы қаласында 14 наурыз күні сағат 09.00-ден бастап қар жауа бастады. Сағат 18.30-дағы жағдай бойынша қалада 5-6 см, таулы аймақтарда 20 см-ге дейін қар жауды",– деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі. Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 2350 тонна материал пайдаланылды.

"Таңертеңгі қар тазалау жұмысына 552 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 178 құмлақтырғыш пен 1134 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Түнгі уақытта 509 арнайы техника, оның ішінде 171 құмлақтырғыш, сондай-ақ 400-ге жуық жол жұмысшысы шығады деп жоспарланған", – делінген хабарламада.
Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған. Қазгидрометтің болжамы бойынша, 17 наурызға дейін ауық-ауық жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтілуде.