Тек қана оңтүстік пен шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне ауа райы құбылмалы болады.
Кей жерлерде жауын-шашын жауады. Боран соғып, көктайғақ болады, жел екпіні күшейеді. Тұман түседі. Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады. Күндіз Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.Түркістан, Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, боран болады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.