Мерзімі өткен банкноттарды айырбастау уақыты өзгереді – Досаев
Мерзімі өткен банкноттарды айырбастау уақыты өзгереді – Досаев
138
оқылды

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген кезде айтты.

«2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар 2006 жылғы 15 қарашада айналымға шығарды. 2016 жылы 4 қазаннан бастап заңды төлем құралы болуын тоқтатты. Банктер мен пошта 2016 жылдан бастап 12 ай ішінде және Ұлттық банктің филиалдары 2020 жылғы 5 қазанға дейін банкноттарды қабылдап, жаңасына айырбастады», – деді Ерболат Досаев. Оның айтуынша, Ұлттық банк азаматтар ескі банкноттарды уақытылы айырбастай алмағандықтан, оны ауыстыру мерзімін биыл 1 ақпанға дейін ұзартқан еді, – деп жазады «Қазақпарат».  Бірақ карантин кезінде ескі банкнотты айырбастай алмағандар әлі де бар.

«Ұлттық банк азаматтардың өтінішін ескере отырып, 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды және кейінгі жылдары шығарылған банкноттарды айырбастауының мерзімсіз кезеңін енгізу туралы шешім қабылдайды. Өзгерістер енгізілгеннен кейін 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды мерзімсіз айырбастау жөніндегі ақпарат Ұлттық банктің ресми сайты мен БАҚ-та жариялады»,– деді Ерболат Досаев.