RAC (DO YOU EVER (RAC MIX)) – португал-америкалық музыкант. 1985 жылы Порту қаласында туған. Ол бұған дейін 2016 және 2017 жылы да Grammy жүлдесіне қатысты. 2017 жылы "Tearing Me Up" (RAC Remix) композициясымен «Ең үздік классикалық емес ремикс» аталымының жеңімпазы болды. Сахнада RAC лақап атымен танымал, шын есімі – Андре Аллен Анджос. Ол рок, электроника және би музыкасы жанрында 200-ден астам ремикс шығарған. 6 жасынан пианинода, 13 жасынан гитарада ойнаған. RAC Kings of Leon, Эдвард Шарп, Death Cab For Cutie, Phoenix, Linkin Park, Боб Марли, Элла Фицджеральд, New Order, Lady Gaga , Odesza және Washed Out сияқты артистердің әніне ремикс жазған. Оның "Hollywood", "Let Go" сияқты жеке әндері де бар. Анджос ремикстерден басқа HBO Entourage арнасы үшін түпнұсқа музыкалық контент құрастырды және 2010 жылдың соңына дейін the Pragmatic инди-электрондық тобының мүшесі болды. Ол сонымен бірге Master Spy бейнеойынына арналған саундтрек жазып, орындады. Coachella Valley музыка және өнер фестивалінде, Firefly, Bumbershoot, Corona Capital, Ultra Music Festival және Lollapalooza музыка фестивальдерінде өнер көрсетті. Қазір музыкант АҚШ-та тұрады. [caption id="attachment_119755" align="aligncenter" > RAC. Фото: Buro247.ru[/caption] Морган Пейдж ( IMAGINARY FRIENDS (MORGAN PAGE REMIX) – америкалық диджей, музыкалық продюсер, 1981 жылы Берлингтон қаласында туған. Ол биыл Grammy жүлдесіне үшінші рет қатысты. 2009 жылы "Самая длинная дорога" ( deadmau5 Remix) композициясы «Ең үздік классикалық емес ремикс» аталды. Кейін Armada Music-пен келісімшартқа отырды. 2012 жылы "В воздухе" альбомымен Independent Music марапатын "Үздік би/электронды альбом" аталымы бойынша жеңіп алды. Морган музыкамен оқушы кезінен айналыса бастаған, Вермонт университетінде оқып жүріп, радиостанция диджейі болды. Кейін өзінің жеке әндерін, ремикстер шығарды, Wars 88.9 FM-де станция менеджері болып, Revolutions шоуын жүргізді. Ол 12-ден астам ремикс жазып, 4 альбом шығарған. [caption id="attachment_119756" align="aligncenter" > Морган Пейдж. Фото: Мixing.dj[/caption] Луи Вега (МОЛИТЕСЬ ЗА ТЕБЯ (LOUIE VEGA MAIN REMIX) – америкалық диджей, 1965 жылы музыканттар отбасында дүниеге келген, 13 жасынан музыкамен айналыса бастаған. Әкесі джаз саксофоншысы, ағасы Эктор Лаво әнші. Ол көпшілікке Little Louie Vega (кішкентай Луи Вега) лақап атымен танымал. Қазір диджейдің Masters at Work продюсерлік компаниясы бар. Ол 2006 жылы Superfly (Louie Vega EOL Mix) ремиксімен Grammy жүлдесін жеңді. [caption id="attachment_119753" align="aligncenter" > Луи Вега. Фото: Fancy-journal.com[/caption] Haywyre (YOUNG & ALIVE (BAZZI VS. HAYWYRE REMIX) – америкалық электронды музыка продюсері, пианиношы және орындаушы, 1992 жылы АҚШ-тың Индиана штатында дүниеге келді. Негізгі есімі Мартин Себастьян Фогт. Ата-анасы оны жастайынан әртүрлі музыкалық жанр, стильмен таныстырды, 5 жасынан фортепианода ойнауды классикалық пианистің жетекшілігімен бастады. Фогт 2006 жылы АҚШ-тағы Аугсберг колледжіне оқуға түсіп, онда джаз және классикалық музыканың кең репертуарымен, көптеген электронды музыка орындаушыларымен танысқан. Ол 2009 жылы Newgrounds-қа тректер мен ремикстердің түпнұсқасын жүктегеннен бастап жанкүйерлері пайда болды. Ол қазір электронды музыканың классика, джаз және фанк элементтерінің үйлесімімен және фортепиано импровизациясының ерекше стилімен танымал. 2014 жылы Фогтің Майкл Джексонның "Smooth Criminal" әнін орындаған видеосы YouTube-те танымал болды. Сонымен бірге ол Мэт Зо, Grammatik ,Zed , Rus сияқты артистермен гастрольге шықты. Coachella және Bonnaroo фестивальдерінде өнер көрсетті және Солтүстік Америкадағы турненің хэдлайнері болды. [caption id="attachment_119757" align="aligncenter" > Haywyre. Фото: Zedd.fandom.com[/caption]