Тараз қалалық сотын жарып жібермек болған азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберді
Тараз қалалық сотын жарып жібермек болған азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберді
117
оқылды

Алғашқысы 1971 жылы туған ер адам Тараз қалалық сотының ғимаратын жарып жібермек болған.

Аталған  дерек  ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы 1-бөлігі бойынша (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) тіркелді. Ұсталған азамат 2000 жылдан бастап психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болып отыр. Тараз қаласының №2 соты оны мәжбүрлеп емдеуге жіберді. 1983 жылы туған тағы бір ер адам 102 нөміріне қоңырау шалып, Тараздың шағын аудандарының бірінде үйді жарып жібергелі тұрғанын хабарлайды. Аталған дерек ҚР ҚК 273-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, Тараз қаласының №2 соты  оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Құқық қорғау органдары жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының назарын Қылмыстық кодекстің осы бабы бойынша жауапкершілік 14 жастан басталатынын ескертеді.

Саятхан САТЫЛҒАН, 

Жамбыл облысы