BMW жүргізушісі екі полицейдің көлігін соқты

BMW жүргізушісі екі полицейдің көлігін соқты

BMW маркалы жеңіл автокөлік иесі жол жиегінде тұрған полицейлердің қызметтік көлігін соқты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Полиция департаменті қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде Instagram парақшасында қызметтік көлікке қатысты жол-көлік оқиғасының бейнежазбасын анықтады. Полицейлер тексеру жүргізді. Биыл 13 наурыздан бастап Түркістан облысында күн күрт суытты. Полицейлер жолаушыларға жол көрсетті, көмектесті.   https://youtu.be/P1sZ2YAJ4Ls Сондай сәтте жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетіп, жол жиегіне қойылған полицейлердің қызметтік көлігін жеңіл автокөлік соғып кеткен. Бұл оқиға биыл  14 наурызда Ордабасы ауданы аумағы Шымкент – Самара тасжолының 49-50 шақырымында сағат 17:15 шамасында болған. Полицейлер жер тайғақта жолаушыларға көмектесіп жатқан. Сол сәтте BMW көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, полицейлердің жол шетінде тұрған екі қызметтік көлігін соққан.

Жүргізуші – Шымкент қаласының тұрғыны. Ол ішімдік ішпеген. Тергеу басталды.