Иманбек Grammy жүлдесі үшін ақшалай сыйақы ала ма?
Иманбек Grammy жүлдесі үшін ақшалай сыйақы ала ма?
315
оқылды

Grammy жеңімпазына ешқандай ақшалай сыйақы берілмейді. Бірақ бұл жүлденің лауреаты атанған барлық артистің гонорары өседі. Forbes-тің есептеуінше, граммофонға ие болғаннан кейін музыканттардың жеке концертіне билет қымбаттап, орташа есеппен 55% көп табыс түседі.

Мысалы, америкалық әнші, актриса Тейлор Свифттің гонорары 380%-ке өскен. Гонорары бастапқыда 125 мың доллардан басталса, Grammy-ден кейін 600 мың долларға дейін жеткен. Әсіресе музыкалық продюсерлерге бұл марапатты жеңу көп пайда әкеледі. БАҚ-тың хабарлауынша, әдетте  музыкалық продюсерлер әр әнге 30-50 мың доллар алса, граммофонға ие болғаннан кейін 75 мың немесе одан да көп сұрайды. Рэпер, продюсер Дэвид Баннердің айтуынша, Grammy жүлдесін алған кез келген артистің брендін жаңа деңгейге көтереді. Оның продюсерлік сыйақысы Grammy-ден кейін екі есе өскен, 50 мың доллардан 100 мың долларға дейін. Айта кетейік, жеңімпаздарды АҚШ Ұлттық дыбыс жазу академиясының мүшелері жасырын дауыс беру арқылы таңдайды. Былтыр америкалық New York Times газеті 19 жастағы Imanbek туралы мақала жазды. Ол Grammy ұтқан алғашқы қазақстандық атанды.