Алдағы күндері Қазақстанның барлық өңірінде күн жылынады

Алдағы күндері Қазақстанның барлық өңірінде күн жылынады

"Қазгидромет" РМК 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Алдағы тәуліктерде Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Сондай-ақ еліміздің басым бөлігінде антициклон сілемімен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек аптаның басында республиканың шығыс бөлігінде, содан кейін батысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады»,–  делінген хабарламада.