Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді – ҰҚК
Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді – ҰҚК
98
оқылды
Алматы облысының Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығының қатысуымен ҰҚК Авиация қызметінің қаза тапқан әскери қызметшілеріне әскери құрмет көрсету рәсімі өтті,– деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. Қаза тапқандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жерүсті және әуе көлік құралдары тартылды. ҰҚК қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетуде. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер еске алынып, ҰҚК Орталық аппаратының ғимаратында ведомстволық ту төмен түсірілді, сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында «Бір минут үнсіздік» өткізіледі. Құрылған ведомствоаралық жұмыс комиссиясы әуе апатының барлық мән-жайларын анықтау және борттық өздігінен жазатын құралды талдау бойынша жұмыс жүргізуде. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады. Бұған дейін отставкадағы полковник ұшақ апатының себебін айтқанын хабарлаған болатынбыз.