Ақмола облысында ерлі-зайыптылар өз үйінен өлі күйінде табылды

Ақмола облысында ерлі-зайыптылар өз үйінен өлі күйінде табылды

Ақмола облысының Жалтыр ауылында ерлі-зайыптылар өз үйінен өлі күйінде табылды,– деп хабарлады Астрахан ауданы әкімдігі.  Белгілі болғандай, қоспәтерлі үйдің тұрғындары көршілерінің үйінен түтін шықпай, өздері де сыртқа шықпай қалғанын байқап, алаңдаушылық білдірген. Оқиға орнына ауыл әкімдігінің қызметкерлері, полиция және марқұмдардың ұлы шақырылған. Пәтердің есігі ішкі жағынан жабық болған, терезеден кіруге тура келген. Үй иелерінің денесі екі бөлмеден табылған. Алдын ала болжам бойынша, 68 және 62 жастағы ерлі-зайыптылар газдан уланып қалған. Ерлі-зайыптылардың жалғыз ұлы бар. Ол да ата-анасының қайтыс болғанын екі күннен кейін білген. Ауыл әкімдігі жерлеу рәсіміне көмек көрсетпек. Бұған дейін ғалымдар Жер бетінде ақырзаман қашан болатынын есептеп шығарғанын жазған болатынбыз.