Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді
Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді
100
оқылды
Алматыда алдағы демалыс күндері автобустар мен метро жұмысы тоқтатылады. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.
«Алматы қаласы «қызыл» аймақтан шыққанға дейін демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Бұл коронавирус пандемиясына қарсы шаралардың бірі. Індеттің алдын алып, кең таралуын болдырмауымыз керек»,– деді Бекшин.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда қашан қатаң карантин енгізілетінін айтқан болатын.