Павлодарда алаяқ халықтан 100 миллион теңге алдап алған

Павлодарда алаяқ халықтан 100 миллион теңге алдап алған

Павлодарда тұрғындардан 100 млн теңгеден астам ақша алдап алған алаяқ ұсталды,– деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«11 наурызда Павлодар қаласында полиция қызметкерлері алаяқтық қылмысы үшін іздеуде жүрген 1991 жылы туған қылмыскерді ұстады. Жас жігіт қымбат көлікті сылтауратып, халықты алдаған. Ұсталған адам  жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам қаражатты халықтан алдап алған. Күдіктінің алаяқтықтың тағы 40 фактісіне қатысы бар екені туралы ақпарат бар», – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Павлодар облысының полиция департаменті күдіктінің осыған ұқсас схема бойынша жасалған алаяқтыққа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.