Ақмола облысында жұмыртқа қалайша 40,5 теңгеге дейін қымбаттады?
Ақмола облысында жұмыртқа қалайша 40,5 теңгеге дейін қымбаттады?
156
оқылды

Ақмола облысында тауық жұмыртқасын сатушы қос ірі жеткізушілер өзара келісіп, бағаны заңсыз түрде көтеріп жіберген. Бұл туралы Aikyn.kz порталының тілшісі хабарлады.

Жұмыртқа өндіруші, әрі көтерме бағада жеткізуші қос компания бағаны келісіммен аспандата көтеріп, нарықта сол күйі ұстап тұрған. Олардың бұл әрекеті Ақмола облысының бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік департаментімен анықталды. «Тауық жұмыртқасын көтерме бағада жеткізушілер қыркүйек айынан бастап ай сайын бір мезетте 25 пайызға дейін бағаны көтеріп отырған», – деді ведомствоның баспасөз қызметінен. Ведомство маманының айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айында 22,3 теңге болған бір тауық жұмыртқасының құны біртіндеп өсіп, ақпан айында 40,5 теңгеге дейін көтерілген. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының талаптарына сәйкес жұмыртқа көтерме бағада жеткізуші қос компанияға олардың әрекетінде бәсекелестік заңнамасының бұзылу фактілерінің анықталғаны туралы хабарлама жолданған. Ал хабарламаны орындамау одан әрі тергеуге нақты негіздеме болып табылады.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы